Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Зубовск ауылында қызы мен шешесі суға батып кетті. Ойнап жүріп, суға түсіп кеткен 8 жасар қызын құтқармақ болған анасы да қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 жастағы әйелдің денесін құтқарушылар Бұқтырма өзенінен алып шыққан.
Жалпы өңірде шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға кеткен, оның 2-і - бала.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да қызы мен анасы суға батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142817/)