Абай шығармалары тұңғыш рет норвег тілінде жарыққа шықты. Бұл - еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуы. Хәкімнің қара сөздері мен таңдамалы поэзиясын норвег тіліне аударған тәжік-норвег жазушысы, әдебиеттанушы Лютфия Бобоёрова. Оның айтуынша, Абайдың шығармалары-ғасырлар бойы маңыздылығы арта түсетін әлемдік мұра. Ғұламаның өсиеттері-әр адам үшін өмір мектебі,-дейді аудармашы. «Sirkel Forlag» баспасынан 1500 данамен басылып шыққан құнды еңбек Норвегия кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылды. Аудионұсқасы да жазылған.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай шығармалары норвег тілінде жарыққа шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142839/)