Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Ол Президентке бірінші жарты жылдықтағы ақша-кредит саясатын іске асыру жөнінде есеп берді. 6 айдағы инфляцияның 7,9 пайызға дейін өсуі мен азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздік жайында айтты. Сонымен қатар, валюта нарығындағы ахуал мен Ұлттық банктің алтын-валюта қоры жөнінде баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Ерболат Досаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142897/)