Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түлік тауарының бағасы қымбаттаған. Олар негізінен өңірде өндірілмейтін өнімдер. Айталық өткен жылмен салыстырғанда қарақұмық 300-ден 405 теңгеге, қант 158 теңгеден-284 теңгеге, ал сұйық майдың литрі екі есеге дейін қымбаттаған. Бағаға негізінен пандемия мен әлемдік нарықтағы қымбатшылық әсер етуде,-дейді мамандар. Десе де облыстың тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының қазір 313 тоннасы сақтаулы. Жақын күндері тағы 272 тонна қант сатып алынады.
Сырым Бошпанов, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:Бүгінгі күнге өзіміздің Оңтүстік өңірлерден келетін тауарлардың көбейуіне байланысты бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестік пайда болып, бағаны түсуге әкеледі. Енді міне осы шілде айының екінші жартысынан бастап, 20-нан бастап біздің өз тауар өндірушілер өз өнімдерімізді шығарады.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында азық-түлік бағасы арзандады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143011/)