Павлодарлық кәсіпкерлер тұрғындарды екпе алуға ынталандыру үшін ұтысқа миллиондап ақша тігіп жатыр. Ал, соңғы күндері өңірде 30 мыңға жуық адам вакцина салдырған. Бұл бір апта бұрынғы мәліметпен салыстырғанда 4 есеге көп. Айта кету керек, үш күн бұрын жергілікті рестораторлардың бірі екпе алғандар арасында ұтыс өткізіп, Павлодар қаласының тұрғыны 1 млн теңге ұтып алған болатын. Бұл бастаманы басқа да кәсіпкерлер іліп әкетті. Қазір вакцина салдыратын пункттерге купон жинайтын қорапшалар орнатылды.
Еркебұлан Күнтуған, еріктілер фронт-офисінің менеджері:
Бұны бірнеше кәсіпкер қолдап отыр. Және олардың басты жүлдеге тігіп отырғаны 1 млн және 500 мың теңге. Бұл акция бүкіл қалалық аурухана мен емханаларда бар.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда екпе салдырғандардың саны 4 есеге артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143031/)