Талапкерлердің ҰБТ-дағы бейнежазбалары қайта тексеріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі айтты. Бейнежазбаларды талдау тамызға дейін жалғасады. Министрдің сөзінше, дайындық кезіндегі нәтижесінен 20-30 бал жоғары алғандар міндетті түрде тексеріледі. Биылғы ҰБТ электронды түрде өтіп, тиімділігін көрсетті. Сондықтан магистратура мен докторантураға да сынақ осы форматта өтуі тиіс,-деді Аймағамбетов. Айта кетейік, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тегін тапсырды.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талапкерлердің ҰБТ-дағы бейнежазбалары қайта тексеріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143034/)