Алматыда соңғы тәулікте 420 адам коронавирус жұқтырып, 200-ден астамы ауруханаға жатқызылды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың 90 пайызында аурудың айқын белгілері бар. Жалпы инфекциялық стационарларда 1300-ге жуық адам ем алып жатыр. 96 науқас жансақтау бөлімінде. Ал бір тәулікте шахардағы 10 мыңдай тұрғын вакцина салдырған. Осылайша 1 ақпаннан бері екпе алғандар қатары 558 мыңнан асты. Соның шамамен 20 пайызы 60 жастан асқандар. Қазір мегаполистегі арнайы орындарда 212 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда бір тәулікте 420 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143060/)