Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында мәлімдеді.
«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет» - делінген.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою туралы тиісті органдарға тапсырма берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14317/)