Атырауда эпидахуал күрт нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда эпидахуал күрт нашарлады

13.07.2021

Атырауда инфекциялық ауруханалар науқастарға лық толды. Қазір емдеу орындарында 800-ден астам адам емделіп жатыр. 53-нің жағдайы ауыр. Жетеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал, модульдік стационарда Covid-19 жұқтырған 61 жүкті әйел бар. Өткен тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды. Індетке шалдыққандардың басым көпшілігі қаладан тіркелді. Нақтырақ айтсақ, шаһардан – 280 тұрғын. Ал, Теңіз кен орнынан 10 жұмысшыдан скрининг нәтижесінде белгілі болды. Айта кетейік, облыс қазір «қызыл» аймақта тұр.

Мұрат Камзин, Атырау қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары: 
Күніне Атырау қаласында 2000-ға жуық адам вакцина алып жатыр. Әлеуметтік иммунитет қалыптастыру үшін кем дегенде 80 пайыз вакцина алуымыз керек. Сондықтан қала тұрғындарын қорықпай, вакцина алуға шақырамыз.


Хабарламаларға жазылу