Қытайдың Сучжоу қаласында үш қабатты қонақүй ғимаратының бір бөлігі құлап, 8 адам қаза тапты. Тағы 9 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Төтенше жағдай болған жерде қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, құлаған қонақүй осыдан үш жыл бұрын тұрғызылған. Әзірге, ғимараттың неліктен опырылып түскені белгісіз.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда қонақүй құлап, 8 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143186/)