Ауыл әкімдерінің сайлауына дайындық Қостанай облысында да қызып тұр. Алғаш рет өңірде 65 ауылдың әкімі халық қалауымен сайланатын болды. Қазіргі таңда 138 адам кандидат ретінде тіркелді. Олардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынғандар. Кандидат ретінде тіркелушілер - міндетті түрде Қазақстанның азаматы болуы тиіс. Жасы 25-тен асқан болуы керек. Еліміздің «Сайлау туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына сәйкес біршама талаптардың үдесінен шығуы міндетті.
Александр Малашко, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Кандидаттардың тіркеу 14 шілде күнгі сағат 18 00-ге дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін талапқа сай қажетті құжаттарын түгендеп тапсыруға қам жасап жатқандар әлі де баршылық. 14 шілдеден 18-ші шілдеге дейін үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында 65 ауылдың әкімі сайланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143190/)