«Қазіргі кезде жарылыстың зардаптарын жою шаралары жүргізілуде. Сондықтан тексеру жұмыстары үшін тиісті уақыт қажет». Осылай деген Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев. Сондай-ақ, «Бізде кеңестік кезеңнен қалған қару-жарақ бар. Осы орайда сақтау мерзімінен асқан қару-жарақ пен оқ-дәріні утилизациялау бойынша шараларды іске асырудамыз», - деп айтты.
Тимур Дәндібаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Бұл жарылысты 2009 жылғы оқиғамен салыстыруға болмайды. Қару-жарақпен, әскери техникамен байланысты шаралар үнемі белгілі бір тәуекелді туындатады. Әрине, бұл оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі тексереміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арыстағы жарылысқа қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары түсінік берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14321/)