Қызылордада балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды. Табиғи газ құбырынан ахау шығып, ғимарат лезде отқа оранған. Оқыс жағдай таңғы 7-ден өте болған. Жалпы аумағы 400 шаршы метр болатын нысанның бірінші қабаты түгел өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер бригадасы бас-аяғы 30 минуттың ішінде жалынды ауыздықтап үлгерді. Абырой болғанда, ғимаратта ешкім болмаған. Жарылыс салдарынан ойын-сауық орталығына жақын орналасқан үйдің терезесі сынып, ағаш сарайы қирап қалған.
Сайд Молдақараев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Негізгі өрттің шығу себебі, алғашқы болжам бойынша газ құбырының ахауынан газ тараған. Одан газ тарап, жарылыс боп, әрі қарай өртке ұласқан. Өрт сөндіруге 12 техника, 45 адам қатыстырылды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143343/)