Ертең Құрбан айт мерекесіне орай демалыс күні. Соған байланысты, елордада сауда үйлері мен сауда орталықтары, жабық базарлар кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал, тамақтану орындары «Ashyq» қосымшасы арқылы 20:00-ге дейін ашық тұрады. Дәмхана, мейрамхана және жазғы алаңдар ішінің 50 пайызы толғанша қонақ қабылдай алады. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.
Ал, Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуге және жиналып намаз оқуға тыйым салынады. Қала тұрғындары құрбандық шалу рәсімін qurban2021 сайты арқылы онлайн бақылай алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуге тыйым салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143349/)