Әлемдегі ең ауқатты адам, «Амазон» компаниясының негізін қалаған Джефф Безостың ғарыш кемесі Жерге сәтті оралды. «Нью Шепард» кемесін алып ұшқан зымыран Техас штатының батысындағы Ван-Хорн шөлінен аттанған. Көкке көтерілгеннен кейін екі минуттан соң капсула зымыран тасығыштан ажырап, ғарышқа ұшты. Ұшу уақыты 10 минут 10 секундқа созылған. Джефф Безоспен бірге ғарышқа оның кәсіпкер ағасы, 82-жастағы америкалық ұшқыш Уолли Фанк пен 18-жастағы студент аттанған еді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос ғарышқа ұшты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143384/)