Елорда əкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады. Онда ол өзімізді жəне жақындарымызды қорғау үшін екпе қабылдаудың маңыздылығын айтты. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен эпидахуалға байланысты қабылданған шараларды атап өтті.
Қазір қала аумағында 186 мобильді бригада індетке шалдыққандарға қызмет көрсетіп жүр. Əкім оларға тағы 100 бірлік қосу қажеттігін ескертті. Жəне ауруханаларда керек-жарақтың барын қатаң бақылауды, дəрі-дəрмекпен жеке қорғаныш құралдарының жоқ дегенде 2 айлық қорын сақтауды қатаң тапсырды. Қазір астанада 318 мыңнан аса тұрғын екпенің бірінші компонентін қабылдаған.
Бауыржан Бөгенбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан əкімі қала тұрғындарына үндеу жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143394/)