Ақмола облысында коронавирус балалар арасында өршіп тұр. Биылғы жылдың 6 айында 2 мыңға тарта жеткіншектен індет анықталды. Облыстық балалар ауруханасындағы жұқпалы аурулар бөлімшесі 56 пайызға толық. Жүкті әйелдердің де вирус жұқтыруы жиілеген. Жыл басынан бері 820 келіншек кеселге шалдықты. Оның 61-і ауырып жатқанда босанған. Қазір 42 жүктің әйел емделіп жатыр. Облыста екпе алғандардың үлесі 50 пайызға да жеткен жоқ, яғни 200 мыңнан сәл ғана асты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында балалар арасында коронавирус өршіп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143411/)