30 мыңнан аса қазақстандықтың телеграмм месенджеріндегі жеке мәліметтері сыртқа тарап кеткен. Бұл туралы kz-cert компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі мәлімдеп отыр. Яғни, Телеграмм-каналдардың бірінде қосымшаны пайдаланушылардың жеке деректері бар 744 мыңдай жазба сақталған файл анықталған. Талдау көрсеткендей, онда қолданушылардың аты-жөні, телефон нөмірлері мен жеке мәліметтері көрсетілген. Каналдың авторы заңсыз дереккөзін «Құдайдың көзі» деп сипаттаған. ТМД-дағы ең үлкен сервистердің бірі 1 млн адамды қамтиды. Алаяқтар мұндай мәліметтерді өз мақсатына пайдаланып кетуі ықтимал. Сол себепті заң өкілдері азаматтарды интернетке жеке деректерді жариялау кезінде сақ болуға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=30 мыңнан аса қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143420/)