Ертең төрт жылдықтың басты бәсекесі Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Токио ойындарында еліміздің намысын 9 былғары қолғап шебері қорғайды. Олардың ішінде әйелдер құрамасынан Надежда Рябец бар. Ол бірінші кездесуде канадалық спортшымен жұдырықтасады. Ал ерлер құрамасының боксшылары алғашқы жекпе-жекте Мысыр, Перу, Венгрия, Испания спортшылармен шаршы алаңға шығады. Бокс бәсекесі 24 шілде күні басталады.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143435/)