Ресей Тәжікстандағы әскери базасына 50-ге жуық танк аттандырды. Әскери техника Ауғанстанмен шекарадан 20 шақырымдағы Харб-Майдон сынақ алаңына шоғырланған. Бұл жерде Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан тамыздың 5 мен 10-ы аралығы бірлескен жаттығулар өткізбек. Ресей әскерилерінің айтуынша, маневр кезінде жауынгерлер қаруланған заңсыз топтарға бірлесе соққы беруді пысықтайды. Әскери жаттығулар әрі қарай Өзбекстанда жалғаспақ. Айта кетері - Мәскеу АҚШ әскері кеткеннен кейін тәліптердің Ауғанстан жерінің бірқатар бөлігін басып алуына алаңдаулы. Радикалды топ тәжік-ауған шекарасының 900 шақырымдық бөлігін бақылауға алған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресей танкілері Ауғанстанмен шекарадағы полигонда шоғырланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143460/)