Түркияның солтүстік-шығысындағы екі провинцияда дамылсыз нөсер жауып, соңы тасқынға ұласты. Елдің төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасының мәліметінше, су басқан аудандарда іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. 200-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Тасқын кезінде 2 адам жараланды. Түркияның Қара теңіз жағалауында жылдың осы мезгілінде су тасқыны жиі болып тұрады. Өткен аптада Ризе провинциясында болған топаннан 6 адам қаза тауып, екі тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияның солтүстік-шығысында су тасқыны жүрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143469/)