Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдардың әкімдерін сайлауға 2297 үміткер тіркелді. Республика бойынша сайлауға қатысу үшін жалпы 2582 адам өз кандидатурасын ұсынған болатын. Еліміздегі 6 саяси партия өз кандидаттарын ұсынып отыр, олардың саны 878 адам. Ал 1419 үміткер өзін-өзі ұсынғандар. Айта кеткейік, бүгін 730 елді мекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады. Ел тарихында әкімдер сайлауы алғаш рет 14 өңірде бірдей өтіп жатыр.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауыл әкімдерінің сайлауына 2297 үміткер тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143491/)