Елдегі эпидахуал өте күрделі. Қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Ал «сары» аймақта Алматы облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі «қауіпті» деңгейде.
Індетке шалдыққандар саны әлі де 6 мыңнан азаяр емес. Кеше тағы 6631 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 212 адам шалдығып, 10 адам көз жұмған. 79 мыңға жуық тұрғын ем алып жатыр, 1438-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 127 мыңнан асты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143519/)