Елдегі эпидахуал өте күрделі. Қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Дәл осындай көрсеткіштің қайталанып жатқанына аптаға жуықтады. Ал «сары» аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі қауіпті деңгейде.
Індетке шалдыққандар саны да бір аптадан бері 6 мыңнан азаяр емес. Кеше тағы 6637 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 84 адам шалдығып, 20 адам көз жұмған. 83 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 1444-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 145 мыңнан асты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143537/)