Индонезияда соңғы бір айда коронавирустан жүздеген бала көз жұмды. «Нью-Йорк Таймс» газетінің мәліметінше, марқұм болған бүлдіршіндердің көбі 5 жасқа толмаған. Елде коронавирустан қайтыс болғандардың 12,5 пайызы - балалар. Сәбилер арасында өлім-жітімнің көбеюіне «дельта» штамының өршуі себеп. Соңғы мәліметтерге сай, бір тәулікте Индонезияда 50 мыңдай адам ковид жұқтырып, мың жарымнан астам тұрғын қаза тапқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Индонезияда коронавирустан жүздеген бала қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143540/)