Шығыс Қазақстанда жүк көлік жүргізушілеріне 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Өйткені олар тасжолда жүруге арналған шектеулерді бұзған. Дәл қазір өңірде аптап ыстық болғандықтан, 1 оське түсетін салмақ бұрынғыдай 13 тонна емес, 8 тоннадан аспауы тиіс. Алайда соңғы бір айда ғана талапты сақтамаған 15 көлік жүргізушісі анықталды. Ал жыл басынан бері шектеулерді елемеген 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да жүк көлігі жүргізушілеріне 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143545/)