Қазақ жанкүйерлері медаль күтіп отырған спортшылардың бірі Дмитрий Баландин бүгін жарыс алаңына шықты. Ол 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде сәтті өнер көрсетіп, межені 2:08.99 уақытта жүзіп өтті. Осылайша сайысқа түскен сегіздіктің арасында төртінші орынға қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финал ертең, яғни 28-шілде күні өтеді. Егер де бұл сыннан да сүрінбей өтсе, 29-шілде күні финалдық бәсекеде бақ сынайды. Айта кетейік, 2016 жылы Рио Олимпиадасында Дмитрий дәл осы қашықтықта чемпион атанған болатын. Бұл - еліміздің суға жүзу спортындағы әзірге ең жоғары көрсеткіш.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143564/)