Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады. Кездесуде атқарылған жұмыстар мен қоғамдық институттың өңірлерде жүзеге асырған іс-шаралары баяндалды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143651/)