![ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысып жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/7/29/1627570764994.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Ыстамбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша Оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті. Аталған шараның 29-30 шілде аралығындағы бағдарламасына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысып отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ іс-шараларға Түркі кеңесінің мүшелері болып табылатын Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның тиісті институттары мен ұйымдарының өкілдері және Венгрияның (бақылаушы-мемлекет) өкілдері қатысуда.
Шараның басында қатысушылар алдында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.
Тренинг бағдарламасы әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қарсы күресте үздік тәжірибелерді талқылауға бағытталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143668/)