Демалыс күндері еліміздің батысында 40-43 градус ыстық болады. Тамыздың басынан Иран аудандарынан елдің батысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Салдарынан ауа температурасы 33-38, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтеріледі. Қалған аймақтарда атмосфералық фронталь әсерінен жаңбыр жауады.
Ертең оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жылдамдығы секундына 25 метр құмды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36, оңтүстікте 35-40 градус ыстық болады.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндері 43 градус ыстық болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143687/)