Алматы қаласы мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Бұған дейін Жандарбек Бекшин эпидахуалдың ушығуына байланысты шектеу күшейетінін айтқан. Құжатқа сәйкес 2-16 тамыз аралығында көпшілік шаралар, отбасылық мерекелер ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.
Сондай-ақ, мегаполисте «Ashyq» жүйесін енгізбеген мекемелердің қызметі тоқтатылады. Дегенмен, «Ashyq» бойынша жұмыс істейтіндер демалыс күндері жабылуы тиіс. Бұл талап мемлекеттік органдар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, құрылыс нысандары, тұрғындармен қарым-қатынас жасамайтын қызмет көрсету орындары, гүл сататын дүкендер, туркомпаниялар, фотосалондар мен бизнес орталықтарына қатысты емес.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143691/)