Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді. Қазір 10 мың доза қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында тұр. Препараттың екі компоненті қалалық емханалар, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне бөлінеді. Мамандар екпені мүмкіндігінше бір жерде салдыруға кеңес береді. Сонда QazVac-тың қос дозасын қабылдауда қиындық туындамайды. Қазіргі таңда қалада отандық вакцинадан басқа «Спутник V» екпесі бар.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143703/)