Ауғанстанның оңтүстігі мен батысында үкімет әскері мен тәліптер арасында соғыс жалғасып жатыр. «Талибан» қозғалысы Лашкаргах, Қандағар, Герат қалаларын басып алуға әрекеттеніп жатыр.
«Си-эн-эн» телекомпаниясының хабарлауынша, радикалдық топ Гилдьменд провинциясының астанасы Лашкаргахтың бірнеше ауданын өз бақылауына алды. Сонымен қатар, тәліптер Гераттың 16 ауданының 13-ін жаулап алған. Бұған қоса, «Талибан» Қандлағарды өзінің астанасы етуге күш салып жатыр.
Бұл ұйымының шабуылдары АҚШ пен НАТО әскерлері мамырда кете бастағаннан кейін күшейді. Қарулы қақтығыстар кесірінен 3 жарым миллиондай ауғандық үйлерін тастап кетті.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәліптер Герат, Қандағар, Лашкаргах қалаларын алуға әрекет жасап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143736/)