Алдағы күндері еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде қатты ыстық болады. Синоптиктердің болжамына сай, Ираннан келген ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аудандарын қонақтайды. Орташа температура 35-40 градус ыстыққа болса, кей жерлерде 43°С дейін көтерілмек. Республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Ғабит Бөкенбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143751/)