Ақмола облысында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғандар саны 216 мыңға жетті. Бұл вакцина алуы керек тұрғындардың 53 пайызы ғана. Ақмола облысында ауылдықтар белсенді. Екпе салдырғандардың көбі ауыл-аймақта тұратындар. Дегенмен, аймақта эпидемиологиялық ахуал қиын. Тәулігіне 250-ден астам науқас анықталуда. Сондықтан қоғам белсенділері екпе алғанды жөн санайды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 216 мың тұрғын екпе алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143777/)