Педагогтарды сандық жүйеге бейімдеу курсы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педагогтарды сандық жүйеге бейімдеу курсы ашылды

03.08.2021

Онлайн білім беру жүйесі технологиялармен қоса мамандардың дайындығын да талап етеді. Оны өткен оқу жылының тәжірибесі көрсетті. Оқу процесінің қызықты әрі ыңғайлы өтуіне ұстаздардың ғана емес, ата-аналардың да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында білімдері сай болуы тиіс. Осы орайда, Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы оқу процесін жетілдіру мақсатында онлайн курс ашқан. Алайда, курс мектеп пен колледж мұғалімдерінің білімін толықтыруға ғана бағытталған. Ол 31-ші қазанға дейін өтеді.

Ержан Тілеубергенов, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі:
Бұл кездейсоқ жағдай емес. Біз мұғалімдерге бұндай мүмкіндік беруді шештік. Яғни осындай АКТ курстарын жаңартып, есіне түсіріп жаңа нәрселерін үйренсін деп осы курсты әзірлеген болатынбыз. 


Хабарламаларға жазылу