Алматы қаласы коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бүгін көш бастады. Бір тәулікте 1531 адамнан инфекция табылған. Шаћардағы күрделі эпидахуалға байланысты COVID жұқтырған науқастарға арналған қосымша төсек-орындар ашылып жатыр. Пациенттерді емдеу үшін жеке медициналық орталықпен педагогикалық колледж берілді. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг кезінде айтты. Мегаполисте 7 045 төсек-орын бар. Жұқтыру дерегі өсуіне байланысты қосымша төсектер қойылды. Алда тағы үш мың төсек-орын қою мәселесі қарастырылып жатыр.
Светлана Cұлтанғазиева, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:Науқастар санының көбеюіне байланысты қосымша төсек- орындар ашылып жатыр. Олар оқу-клиникалық орталықтар сияқты нысандарда болады. Мәселен, гуманитарлық-педагогикалық колледж ғимаратында 300 төсек-орын бар. Сонымен қатар, фтизиопульмонология орталығында қосымша 100 орын, ал ертеңнен бастап медициналық орталық базасында тағы 130 орын ашылады. Пациенттерді уақытша емдеу үшін басқа нысандар іздестіріліп жатыр.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда СOVID-19 жұқтырғандар үшін қосымша төсек-орындар ашылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143791/)