Чехияда мюнхендік жүрдек пойыз бен жергілікті жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 3 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланды. Зардап шеккендердің 11-і ауруханаға жеткізілген. Ал, мерт болғандардың екеуі - машнист, біреуі әйел.
Чех Республикасы көлік министрлігінің мәлімдеуінше, германиялық пойыз тоқтау белгісіне өтіп кетіп, апатқа себеп болып отыр.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттың нақты мән-жайына қатысты бүгін тергеу басталған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чехияда екі пойыз соқтығысып, 40-тан астам адам жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143823/)