Мемлекет басшысы телефон арқылы Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің есебін тыңдады. Амандық Баталов бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша баяндап, негізгі салаларда өсім байқалатынын айтты. Эпидахуал мен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету шараларына да тоқталды. Биыл 7 ауылға құбыр тартылып, 11 елді-мекен таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы індеттің таралуына қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігі және онымен күрес жайын айтты.
Ламбриан Топузидис
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің есебін тыңдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143827/)