Түркістан облысында карантин ережесін елемей, тығылып той жасағандар тиылар емес. Жеке үйдің ауласында өтіп жатқан той-думан жерден басқарылатын дронның камерасына түсіп қалған. Ең қызығы, қыз ұзату рәсімін өткізген той иесі қонақтарды таңғы сағат 7-де шақырған. Жазбадан көрінгендей, тойдың қонақтары орындарынан тұрып, жан-жағына тарап кетеді. Бақылаушы топ оған арнайы әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынатын болды. Мұндай тексерулер барлық аудандарда тәулік бойы дрондар арқылы жүргізіледі.
Ламбриан Топузидис
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында тығылып той тойлағандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143868/)