Батыс Қазақстанда «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі бар базарлардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзарды. Бұрын таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істесе, енді 19.00-ге дейін ашық болады.
Ал сауда үйлері, тамақтану орындарына түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. «Көшбасшы» мәртебесі қосымшамен мүлтіксіз жұмыс істейтін және қызметкерлері түгел дерлік екпе алған ұжымдарға беріледі. Бірақ «Ashyq» қосымшасы болса да, ешбір нысан сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да Ashyq көшбасшысы тізіміне енген базарлардың жұмыс уақыты ұзарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143885/)