Елімізде жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтама сату бойынша 110 факті тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің жұмыс кеңесінде айтылды. Аталған құжаттарды қолдан жасаған 28 адам ұсталды. Оның ішінде 6 дәрігер мен 14 медицина қызметкері бар. 8 адам делдалдық жасаған.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде вакцинация паспорты мен ПТР анықтама сату туралы 70 хабарландыру анықталып, 37-сі бұғатталды. Жалған медициналық құжаттарды сатудың тетіктері анықталды, - дейді ведомство өкілдері. Мәселен, кейбір туроператорлар да вакцинация паспортын жасаумен және сатумен айналысып келген.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 6 дәрігер вакцина паспорты мен ПТР анықтама сатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143897/)