Жаңа ережеге сай тамыздың 16-сына дейін Нұр-Сұлтанда Ashyq қосымшасын қолданбаған мекемелердің қызметі тоқтатылады. Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, дүкендер мен дәріханалар бұл тізімге кірмейді. Сондай-ақ, көлік жуу, тігін цехтері, химиялық тазалау, туристік компанияларға Ashyq қосымшасынсыз қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Қоңыр-қызыл аймақтан қызыл аймаққа ауысқан Нұр-Сұлтанда карантин талабы қатаң сақталады. Алматы қою қызыл аймақтан шыға алмай тұр. Қалада сенбі мен жексенбі күндері кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талаптары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143918/)