Мемлекет басшысы ел ішінде резонанс тудырған қылмыстық істердің тергеу нәтижелерімен танысты. Президентке есеп берген бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов алаяқтық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы және басқа да құқық бұзушылықтармен күрес туралы баяндады. Қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделіне өтудің алғашқы кезеңі жайлы да айтып берді. Бас прокурордың мәліметіне сәйкес, биыл 5 мыңдай азаматтың және 92 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, қазынаға 17 миллиард теңге қайтарылған. Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143959/)