Ұлы ақынды ұлықтаған Семей жастарының ерекше тартуы. Абай күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары флеш-моб ұйымдастырды. Шара барысында белсенді жастар ұлт кемеңгерінің ауқымды портреті мен мемлекеттік туды бейнеледі. Осылайша өскелең ұрпақ Абай күнін ойын-сауық түрінде емес, ой-сананы өсіретін өнегелі іс-шара ретінде өткізді. Ұлы ақынның ұлағатын дәріптейтін жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Білім инновация» қорының бастамасымен ұйымдастырылды.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары флешмоб ұйымдастырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/143993/)