Шығыс Қазақстанда спорт және дене шынықтыру комитетінің экс-басшылары сотталды. Олар 354 миллион теңгені қалтаға басқан. Ақша Риддер қаласында 300 орындық олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжін салуға бөлінген. Комитеттің бұрынғы басшысы мен орынбасары нысанды салып жатқан мердігермен сыбайласып ақша жымқырған. Яғни, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына бюджет қаржысын аударған. Сол үшін комитеттің экс-басшысы серіктестік директорынан пара және сыйлыққа көлік алған. Жемқорлардың бірі 5 жылға, екіншісі 3 жылға сотталды. Ал мердігер компанияның бұрынғы директоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшылары сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144024/)