Шымкентте мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Ақпарат бойынша олар бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін мемлекеттік органдарға 80 миллион теңге пара бермек болған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеп-тексеру амалдары басталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте пара бермек болған лауазымды тұлғалар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144028/)