Алматыда карантиндік шектеулерге қарамай бургер орталығының ашылуына қатысқан белгілі әнші Бүркіт жазаланды.
Оған әкімшілік хаттама толтырылып, 87500 теңге айыппұл салынды. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қонақ үй аумағында өткен жиынға байланысты тексеру әлі де жүріп жатқанын айтты. Әлі де бірнеше азамат жазалануы мүмкін. Айта кетейін, 8 тамызда карантиндік шектеуді елемеген бір топ танымал азамат бургер орталығының ашылуына қатысқан. Бұған дейін шара ұйымдастырушы, қонақүйдің менеджері, әнші Луина мен оның күйеуіне айыппұл салынған болатын.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бургер орталығының ашылуына қатысқан әнші Бүркіт жазаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144061/)