Демалыс күндері Жамбыл облысының Меркі ауданында таулы аймақтағы нөсер жауынның соңы селге ұласып, жолдарды шайып кетті. Соның кесірінен республикалық маңызы бар Меркі-Шу- Бурылбайтал бағытындағы автоқатынас тоқтатылған. Сондай-ақ, ағын су теміржол қозғалысын да тежеді.
Топан су Аспара ауылы маңынан өтетін жолдың 3 метрдей бөлігін шайып кеткен. Жақында ғана жаңадан төселген жол қатты ағынға шыдас бере алмапты. Соның салдарынан жолушылар айналма жол арқылы өтуге мәжбүр болған. Сондай-ақ, аққан су сол маңдағы темір жол көпірінің астын түгел шайып кетті. Сондықтан, 6 жолаушы пойызы өз кестесінен кешікті. Жөндеу жұмыстары түнімен жүргізілді, бас-аяғы 50-ден астам адам мен 20 техника жұмылдырылған.
Нұржан Календеров, Шу ауданының әкімі:Нәтижесінде 2 сағат 40 минутта бір бағыт бойынша темір жол толығымен жөнделіп, тиісті пойыздар жүргізілді. Азанда сағат 8:20-да екінші бағыт бойынша да толығымен жөндеу жұмыстары бітіп, қайта қалпына келтіріліп,шектеусіз пойыздар жүріп жатыр. Қазіргі таңда автомобиль, темір жол барлық көлік бойынша шектеусіз жүргізілу қамтамасыз етілген.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144137/)