Түркияның Қара теңіз жағалауында болған су тасқыны құрбандарының саны 70-ке жетті. Кастамону провинциясында 62 тұрғын, ал Синопта 14 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу-құтқару операциясына 4600 адам мен 1 мыңнан астам техника жұмылдырылған.
Табиғи апаттан Бартын провинциясында 13 көпір бұзылып, 45 ғимаратқа зақым келді. Түрік үкіметі тасқын жүрген аудандардың тұрғындарына тікұшақпен азық-түлік жеткізіп, шұғыл көмек жоспары аясында 2 млн 700 мың доллар қаражат бөлді.
Еске салайық, Түркияның солтүстік провинцияларында тамыздың 11-де алапат тасқын болып, қалаларда лай көшкіні жүріп, ғимараттар, көліктер мен инфрақұрылымға орасан зақым келді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қара теңіз жағалауындағы су тасқыны құрбандарының саны 70-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144159/)